• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2013

Әскери-теңіз ынтымақтастығын нығайту жолында

270 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов бастаған қазақстандық делегация Иран Ислам рес­публикасында болды.

Сапар аясында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы бірқатар кездесулер өткізді, онда әскери-теңіз саласындағы Қазақстан-Иран ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық тарап осы өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі тату көршілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, жұмыс сапарының барысында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Иранның оқу-жаттығу орталықтарына – Әскери-теңіз базасына және Хомейни атындағы Әскери-теңіз институтына барып, онда ирандық әріптестердің соңғы жетістіктерімен және жаңа технологияларымен танысты.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар