• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2020

СҚО-да шаян жинаушылар ұсталды

316 рет
көрсетілді

Салин артемиясы деп аталатын шаяндар Солтүстік Қазақстанның ащылы көлдерінде де бар екен. Мұнда да оны жинап, шетелге сататын суыққолдылар шығыпты. Қытайда осы шаяндардан дәрі-дәрмек, опа-далап және т.б. жасайды. Сондықтан бағасы да қымбат, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жуырда Мамлют ауданындағы бір көлден осындай шаяндардың салмағы 1 тонна 347 кг болатын 33 қапшығы ауланған. Оны көлді жалға алған адам көріп, полицияға хабарлаған. Полиция шаян жинаушы төрт адамды ұстап, заңсыз істеріне шара қолдану үшін үстерінен іс қозғады. Енді табиғатқа кесел келтірушілердің жазасын сот анықтайтын болады.