Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылы 9 қазанда №516 "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" бұйрығына қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы ережелермен метрологиялық қызметтің құрылымы мен негізгі мақсаттары, әскерлерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының құқытары мен міндеттерін айқындайды.
Ережелерде мемлекеттік метрологиялық бақылаудың нақты аумағы, сонымен қатар Қазақстан Қарулы Күштерінде өлшем бірлікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі белгіленген.