• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2013

Ха­лықаралық парламенттік жиын

226 рет
көрсетілді

Мәскеуде Ресей Феде­ра­циясы Федералдық Жи­налысының конституция қабылдағанына 20 жыл толуына орай Екінші ха­лықаралық парламенттік форумы басталды. Оған Қа­зақстан тарапынан Мә­жі­лістің Вице-спикері Сергей Дьяченко қатысуда.

Шараны ұйымдастырушы – Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы мен Ресей Сыртқы Істер министрлігі және Ресей тарихы қоғамы.

«Конституция. Демократия. Парламентаризм». Басталған форумның жалпы тақырыбы осылай аталып, парламентаризм дамуының келешегін талқылау үшін секциялық отырыстар қарастырылған.

С.Дьяченко жалпы отырыс­та сөз алып, Қазақстандағы парламентаризмнің бүгінгі даму белестері жайында айтып берді.

Секциялар: «Парламент, демократиялық құндылық пен қоғамдық көзқарастар»; «Саяси және сайлау жүйелерін дамыту: халықаралық тәжірибе», «Конституциялық реформалардың ресейлік тәжірибесі»; және «Ғаламдағы парламенттік дип­ломатия» деген әртүрлі тақы­рыптардан тұрады.

Мәжілістің Вице-спикері басқа елдерден келген әріптестерімен де екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар