• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2013

Әкімдер сайлауы көпшілік көңілінен шығатындай деңгейде өтті

284 рет
көрсетілді

Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Прези­ден­ті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың тікелей бастамасымен және «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында жергілікті өзін өзі басқаруды одан әрі дамыту ту­ралы берілген тапсырмасына сәйкес аудандық маңыздағы қа­лалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округ құрамына кір­мейтін кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлау табыс­ты өтті.

Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Прези­ден­ті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың тікелей бастамасымен және «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында жергілікті өзін өзі басқаруды одан әрі дамыту ту­ралы берілген тапсырмасына сәйкес аудандық маңыздағы қа­лалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округ құрамына кір­мейтін кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлау табыс­ты өтті.

Бұл оқиға, шын мәнінде, ха­лықтың көңілінен шыққан де­мо­кратиялық сайлау үдерісінің айқын көрінісі болды. Атап айтқанда, биылғы 5-9 тамыз аралығында өңірлерде 2457 ауыл әкімінің сайлауы өткізілді.

Енді осы сайлаудың ұйым­дас­тырылу және өту барысына қыс­қаша тоқтала кетейін. Мысалы, заңнамаға сәйкес, жергілікті қо­ғам­дастықпен жүргізілген кеңесулерден кейін сайлауға 6740 үміткер қатысты (орташа есеппен алғанда бір орынға 3 үміткер түсті).

Ауыл әкімдерінің саяси қыз­мет­шілер санатынан әкімшілік қызметшілер санатына ауысуына байланысты оларға тұңғыш рет жасы (25 жастан жоғары), білімі және еңбек өтілі бойынша біліктілік талаптары қойылды. Соның нәтижесінде бұрын жұмыс істеп келген 100 ауыл әкімі біліктілік талаптарына сай болмауына байланысты бұл жолғы сайлауға қатыстырылмады.

Барлық сайлау заңдылықтары то­лық сақталды деуге негіз бар. Сайлаудың қорытындылары бойын­ша 2454 кандидат тиісті аудан­ның (қаланың) мәслихаттары депу­таттарының жасырын дауыс беруі­мен 4 жылға әкім болып сайланды.

Бұл ретте, Маңғыстау және Павлодар облыстарының 3 ауыл­дық округінде үміткерлер тең дауысқа ие болды. Осыған байланысты 2013 жылғы 28 тамызда бұл округтерде қайтадан сайлау өткізілді.

Әкімдер сайлауына әйел адамдардың, әсіресе, басқа да мамандық иелерінің көпшілігі өз кандидатураларын ұсынды. Оларға сайлау заңдылықтарына сәйкес, барлық жағынан тең құқық беріліп, теңдей көмектер көрсетіліп, кеңестер беріліп, жан-жақты жағдай жасалды.

Нақты деректерге сүйенсек, сайланған ауыл әкімдерінің арасында әйелдер – 280 (11,4%), қа­зақтар – 2247 (91,5%), басқа ұлт өкілдері – 207 (8,5%) болды. Ал әкімдердің орташа жасы – 47 жас. Сонымен қатар, 1741 ауыл әкімі (71%) қайта сайланды.

Сайланғандар арасында 2249 адам (91,6%) «Нұр Отан» пар­тиясының мүшелері болса, 203-і – партияда жоқтар және 2-еуі – «Ақ жол» партиясына мүше болған азаматтар.

Жалпы алғанда, сайлау науқа­ны әкімдерге үміткерлерден, сая­си партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және бұқаралық ақпарат құралдарынан байқау­шы­лардың қатысуымен заңға толықтай сәйкес әрі қатаң талап­тарға сай өтті.

Тағы да атап өтерлік жайт, сай­лау кезеңінде жетекші респуб­ли­калық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және интер­нет ресурстарында 2000-нан астам оң сипаттағы материалдар жария­ланды.

Сайлауды байқауға Қазақ­стан­ның белгілі қайраткерлері, ғалымдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ірі қоғамдық бір­лестіктер мен жастар қоз­ға­лысы өкілдерінен тұратын Рес­публикалық қоғамдық комиссия қатысты.

Комиссия мүшелері көп­те­ген өңірде болып, заңды, демо­кра­тиялық және ашық өткен сайлауға жоғары баға берді.

Халықаралық және қазақ­стан­дық сарапшылардың пікірі бойынша, ауыл әкімдерінің таңдап алынған сайлау үлгісі Жергілікті өзін өзі басқарудың еуропалық хартиясының стандарттарына сай болып табылады.

Сайланған ауыл әкімдерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында оларға 67 функция бекітілді, өңірлерге қосымша 5420 штат бірліктері берілді және қаржы бөлінді.

Бүгінгі күні облыс әкім­дері­ ауылдық аппараттарды­ қа­лып­тастырды, сондай-ақ, оңтай­лан­­дыру есебінен штаттың бір бө­лігі ірі аудандарды нығайтуға жіберілді.

Ауылдық деңгейдегі әкімдер­ге дербес табыс көздерін қалып­тас­тыру құқығы берілді. Атап айтқанда, мүлікті жалға беру, қайырымдылық және демеушілік жарналары, жекелеген айыппұл түрлері, жарнаманы орналас­тыру үшін төлемдер және т.б. жөнінде шешім қабылдау олардың құзыретіне жататын болады.

Осы орайда, ауылдың дамуына жұмсалатын шығыстар жергілікті халықтың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

Тұтастай алғанда, ауыл әкім­дері­нің сайлауын халық оң қа­былдады, сайлау науқаны қалыпты жағдайда өтті және Қазақстан қо­ғамының жетілгендігі мен дамы­ғанын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев жүр­гізіп отырған реформаларға көр­сетілген сенімі мен қолдауының жоғары деңгейін тағы да дәлелдеп берді.

Әмірхан РАХЫМЖАНОВ,

Қазақстан Республикасы Пре­зи­денті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйым­дас­тыру жұмысы бөлімінің мең­герушісі.

Соңғы жаңалықтар