Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады.
Заң жобасы Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы мен түпкі нәтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бұл жобамен еліміздің Бюджет кодексі мен «Концессиялар туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңдарға өзгерістер енгізу көзделеді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері енгізіледі.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мазмұны, оларды әзірлеу тәртібі қайта қаралып, оған қоса стратегиялық жоспарды жергілікті деңгейде әзірлеуді тоқтату қарастырылатын болады.
Негізсіз жоспарлау және бюджет қаржыларын пайдалану барысындағы нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізе алмағаны, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет инвестицияларының нәтижелеріне қол жеткізе алмағаны үшін бюджет әкімшілерінің жауапкершілігі күшейе түседі.
Отырыста сондай-ақ, заңнамалық актілерге салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Заң жобасымен берілгеннен кейін белгілі бір кезең ішінде игерілмейтін жерлерге арттырылған салық мөлшерлемелерін енгізуді орындауға арналған ережелер көзделіп отыр.
Одан басқа, Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында заң жобасында жеке тұлғалардың мүлкіне, көлік құралдарына салықтарды және акциздер мөлшерлемелерін арттыру жөніндегі нормалар қамтылған. Сонымен қатар, заң жобасында салықтық әкімшілік ету мәселелерін жетілдіруге бағытталған нормалар да бар.
Заң жобалары бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар және Қаржы министрліктерінің өкілдері тиісті түсініктеме берді.
Сенат отырысында сенатор Ақан Бижанов депутаттық сауалын жария етті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.