• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2020

Төтенше жағдайлар департаменті көлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады

930 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  Азаматтық қорғау саласыны бақылау басқармасының қызметкерлері көліктегі өрттердің алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқарма қызметкерлері осы жылы көліктегі өрттердің саны өткен жылмен салыстырғанда азайғанын атап өтті.

Мәселен, биыл жылдың басынан бері автокөлік құралдарының 71 жану жағдайы тіркелсе, ал өткен жылдың осы кезеңінде автомобиль құралдарының 88 өрті орын алған.

- Бұл іс - шара автокөліктегі өрттердің алдын алу мақсатында өткізіледі, - дейді басқарманың бас маманы Айнұр Асқарова. - Өрттердің пайда болуының негізгі себептері электр сымдарының тұйықталуы мен қыстыгүні машинаны қыздырған кезде ашық отты пайдалану болып табылады.

Департамент қызметкерлері өрт сөндіргіштердің болуын және жарамдылығын, сондай-ақ автокөлік жүргізушілерінің өрт сөндіргішті қолдану туралы білімін тексереді.

Жанғыш материалдардың, жанғыш ортаның пайда болуына қолайлы жағдайлардың, сондай-ақ жану көздерінің болуы автомобильдің өрт қауіптілігін тудырады.

Жанғыш материалдар автомобиль салонында да болады. Олар былғары, пластмасса, тоқылған жабындылар және басқа да өнімдер. Көліктің кейбір маркаларында олардың жалпы салмағы жүз келіден асуы мүмкін.

Басқарма қызметкерлері автокөлік жүргізушілеріне автокөлікте өрт шыққан кездегі іс-әрекеттер бойынша пайдалы кеңестер берді.

- Егер машинаның астына төгілген отын тұтанған болса, өрт сөндіргішті пайдалану керек, ұнтақты немесе көбікті оттың шетінен ортасына қарай бағыттаңыз, - дейді мамандар. - Капот астындағы өртті алдын ала ашып сөндіру керек. Ол үшін капотты таяқтың көмегімен немесе қолдарыңызды матамен орап ашу керек.

Өрт сөндіргішті неғұрлым қарқынды жану ошағына бағыттау немесе жалынды құммен, қармен, топырақпен лақтыру, су құю, брезентпен жабу қажет. Егер қолдарыңыз бензинге малынған болса немесе киіміңіз майлы болса, отқа жақындамаңыз – бұл өте қауіпті. Егер өртті тез жою мүмкін болмаса, онда жанып жатқан автомобильден қауіпсіз қашықтыққа кету керек, өйткені жанармай багының жарылу мүмкіндігі бар. Қауіпті аймақтың радиусы шамамен 10 метр, сондықтан, көліктің айналасында бөгде адамдар болмауы керек. Бірінші кезекте  "101" нөмірі бойынша өрт сөндірушілерді шақыру қажет.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті барлық автокөлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Павлодар облысы