• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қазан, 2020

Сотталғандар фаст-фудқа тапсырыс бере алады

134 рет
көрсетілді

Бұл туралы онлайн-брифинг барысында ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотталғандар фаст-фуд, дәстүрлі және шығыс тағамдары, суши және пиццаға тапсырыс бере алады. Олардың туыстары колонияға ең қажет заттарды жеткізу үшін электрондық дүкенді қолдана алады, бұл әсіресе пандемия жағдайында өте өзекті. 

"2019 жылы ҚАЖ мекемелерінде электрондық дүкендерді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қостық. Жоба Ақмола және Алматы облыстарында және Алматы қаласында жүзеге асырылуда. Болашақта біз бұл тәжірибені еліміздің барлық колониялары бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің жүйемізді реформалаудың аса маңызды бағыты және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі үшін аса маңызды мәнге ие. Олар колонияда тұрып, өздерін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіне алады", деді комитет төрағасы.