Алматы қаласында бизнес-орталықтың келушілері мен қызметкерлері күмәнді сөмке үшін эвакуцияланды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайт бүгін түскі сағат 12:40-та болған. Бұл туралы ақпараттар Instagram желісінде қызу талқыға түсуде.
− "102" пультіне күмәнді сөмкенің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаланың шұғыл қызметтері бірден оқиға орнына барды. Бірінші кезекте бизнес орталығы кеңселерінің қызметкерлері мен келушілері шұғыл эвакуацияланды, − деді полиция департаментінің өкілдері.
Алдын ала деректер бойынша сөмкенің иесі табылды. Ол оны ұмытып кеткен болып шықты.