• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2013

Сыр сапары

270 рет
көрсетілді

Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда облысына қыз­­­­меттік іссапармен барып қайтты, деп хабар­­лады осы министрліктің баспасөз қызметі.

Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда облысына қыз­­­­меттік іссапармен барып қайтты, деп хабар­­лады осы министрліктің баспасөз қызметі.

Сапар барысында министр Қызылорда об­­лысының әкімі Қырымбек Кө­шер­баев және Индустрия және жаңа

технология­лар­ вице-министрі Нұр­лан Сауранбаевпен бірге Шиелі ауданы Бала-Са­уысқандық кенішіндегі ванадийлі кварциттер­ді өндіру және өңдеу зауытына барып, ванадий өндірудің техно­логиялық үдерісімен танысты. Осында мамандармен бірге аумақта ме­таллургиялық кластерді дамыту барысындағы та­би­ғатты қорғау шараларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Жаңақорған ауданында Н.Қап­п­аров, Қ.Көшербаев және Н.Сауранбаев Шал­­­­­­қия кен орнына барып, жы­­­лына 4 миллион тонна қорғасын-цинк рудасын өңдейтін кен байыту фабрикасының құры­лы­сымен, кенішті кеңейту жо­басын дайын­дап жатқан «Шалқия Цинк ЛТД» кәсіпорнының қыз­метімен танысты.

Министр ТОО «СКЗ-U» зауытында, вахталық кентте, күн электр стансасында, сондай-ақ, кәсіпорынның энергетикалық кешенінде болып, оларды аралап көрді. Күкірт қышқылын шығаратын зауыттың техноло­гияларымен та­ныс­ты. Бұл кәсіп­орынның өндірісі экологиялық тазалығымен ерекшеленеді және Қазақстанның атом өнеркәсібі жүйесіндегі маңызы зор нысан болып табылады.

Н.Қаппаров пен Қ.Кө­­­шербаев Сырдария өзені бойында маталық материалдардан жасалған үр­ле­мелі су тоғанын іске қо­су рәсіміне қатысты. Бұл ны­­санның құрылысына Қор­шаған орта және су рес­урстары ми­нистрлігі республикалық бюджет қа­ража­тынан 1 миллиард теңге бөлген бола­тын. Аудандағы каналдар мен гидротехникалық ғи­­­мараттарды жаңғырту жо­­басының екінші кезе­гін жүргізу аясында іске қосылып отырған тоған жылына 500 миллион тек­­ше метрге дейін суды үнем­­­­деуге, ауыл шаруа­шы­лы­ғы алқаптарын сумен қам­тамасыз ету ісін едә­уір жақ­сартуға мүмкіндік бе­ре­ді.

Соңғы жаңалықтар