2020 жылғы 20 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 16 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 35980, 387 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28239 жетті.