• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қараша, 2013

Айтар ұсыныстарым бар

230 рет
көрсетілді

* Қазақстан судьяларының VІ съезі қарсаңында

Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап дамудың өзіндік үлгісін бастан кешіруде. Елбасының алдымен – экономика, содан кейін саясат деген ұстанымы эко­номикамыздың өрлеуіне бас­ты фактор болғаны анық. Алайда, еліміздегі судьялардың еңбек­ақысы және отставкадағы судья­лардың зейнетақысының мөл­шерін салыстырмалы түрде қа­рағанда, біздің елімізде судья­лардың еңбекақысы ресейлік әріптестерінің еңбекақысынан төрт есе, ал зейнетақысы он жеті есе аз екені белгілі болған. Ендеше, басқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің материалдық жағдайларын жақсартуға бағытталған жұмыстардың оң шешілгенін ескерсек, судьяларға да қатысты осы мәселе кешік­тірілмесе екен деп тілейміз.

Ал бұл мәселелер алдағы Қазақ­стан судьяларының VI съезінде күн тәртібінің бірі ретінде талқыланып, оң шешімін тапса құба-құп болар еді. Өйткені, Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиялық Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларының бірі ретінде экономиканың өсіміне байлаулы өмір сапасының стандарттарын кезең-кезеңмен сапалы арттыру деп белгіледі. Олай болса, біздің тақырыбымыздың өзегі болған судьялардың материалдық жағдайын арттыру мәселесі оң шешімін табатындығына сеніміміз мол.

Сонымен қатар, Елбасы осы Жолдауында азаматтардың сот арқы­лы қорғалу құқын жүзеге асыруды толық қамтамасыз ету мақсатында сот төрелігін жүзеге асыру про­цесін оңайлатуды, оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылтуды тапсырды. Бұл өте орынды және мезгілінде айтылған тапсырма деп есептейміз және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етуге үлес қосу мақсатында кейбір ұсыныстарды білдіруді жөн санап отырмыз.

Қазіргі қолданыстағы Азамат­тық іс жүргізу кодексінің 229-бабының талаптарына сәй­кес азаматтық іс бойынша сот шешімінің қарар бөлігін ғана жа­риялап, дәлелді шешімді бес күннің ішінде жазуға құқылы. Ал Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 384- бабының 1-бөлігіне сәйкес төрағалық етуші үкімнің толық мәтініне қол қойғаннан кейін сот отырысы залына оралып үкімнің кіріспе және қарар бөлігін жария­лайды.

Енді осы жерде айта кететін мәселе, қылмыстық іс бойынша да азаматтық іске қатысты шешім шығарған сияқты, үкімнің (қаулының) қарар бөлігін жария­лап, дәлелді үкімді (қаулыны) бес тәулік ішінде жазатын болса, онда сот процесін басы артық регламенттеуден арылтуға септігі тиер еді деп есептейміз. Себебі, бұлай ету, сонымен қатар, процес­ке қатысушылардың да, соттың да уақытты тиімді пайдалануларына ықпал етеді.

Осы мәселені оңтайлы шешіп, іс жүргізу заңнамасына тиісті өзгертулер енгізілсе, онда судьяның көмекшісі лауазымын енгізуге мүмкіндік берер еді. Сол кезде судья көмекшісінің атқаратын жұмысының ауқымы да айқындала түсер еді, яғни судьяны техникалық жұмыстар атқарудан босатып, оның жұмысын заңды дұрыс қолдану мақсатындағы шығармашылық әрекеттерге бағыттаған болар еді. Ал, тиісті сот актісінің жобасын жасап, судьяға ұсынуды көмекші атқаратын болады. Міне, сот отырысының хатшысы мен судья көмекшісінің айырмашылығы да осында жатыр, яғни, сот отырысының хатшысы іске қатысушыларды сот отырысына шақырту, хабарламалар жолдау және сот отырысының хаттамасын әзірлеумен айналысады. Судья көмекшісі лауазымын ішкі резерв арқылы жасақтауға болады деп есептейміз. Сондықтан ол экономикалық жағынан қосалқы шығындарды көп қажет етпейді.

Біздің осы ұсынысымыз қолдау тапса, онда сот жұмысын басы артық рәсімдерден арылтып, жеңілдеткен болар еді

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабына сәйкес, судья сот билігінің иесі болып табылады. Сондықтан судьяның мәртебесі де оның лауазымына лайық болуға тиіс. Осы ретте тағы бір айта кетерлік нәрсе, судьяның арнайы төсбелгісін белгілеген дұрыс сияқты, судья оны депутаттар сияқты күнделікті тағып жүретін болса, оның беделі айқындала түсетін болады. Осы мәселелер судьялардың VI съезінде талқыланып оң шешімін тапса, сот жұмысы жетілдіріле түсер еді.

Оралбек БАҚТЫГЕРЕЕВ,

Шалқар аудандық сотының төрағасы.

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар