• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қазан, 2020

Чикагода Трамппен кездесуді талап еткен қырғыз жігіті жазалана ма?

192 рет
көрсетілді

Чикагода белгісіз ер адам Trump Tower ғимаратына арқан байлап мініп, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді талап еткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Дереккөз мәліметінше, бұл оқиға кеше, 19 қазанда болған.

Биік ғимаратқа шығып алған ер адам талабын орындамаса өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқан. Кейінірек, Kaktus.media мәліметінше, оның қырғызстандық екені анықталған. Inside Paper басылымы ер адам жазған видеоны жариялады.

"Бәріңе сәлем. Мен Black Lives Matter қозғалысының жақтаушысымын және сайлауға дейін Трамп мырзамен сөйлескім келеді. Мен өлгім келмейді. Егер біреу арқанды тартып алуға тырысса, мен секіріп өлемін", дейді қырғызстандық.

Ер адамның 31 жастағы Әділ Әлиев екені белгілі болды. Сондай-ақ, оның Қырғызстанынң Балықшы қаласының тумасы екені анықталды. Кейінірек полиция өкілдері оны ұстаған.