• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Қазан, 2020

Биыл Қазақстанда қыс қандай болады?

4264 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК биыл Қазақстанда қыс жылы болатынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Стноптиктердің хабарлауынша, 2020-2021 жылы қыс өткен жылдағыдай жылы және жауын-шашынға мол болады деп күтілуде.

Өткен жылдың қысында Қазақстан аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларын әкелетін батыс тасымалы жиі жүзеге асырылды. Жер бетіндегі қабатта белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың жиі өтуі байқалды, осыған байланысты республиканың басым бөлігінде мол жауын-шашын жауды. Бұл процесстің ең үлкен әсері елдің солтүстік-шығысында және орталығында байқалды, бірқатар терең циклон өте қолайсыз ауа-райын әкелді. Боранмен жиі және қатты қар жауды, олардың ұзақтығы 12-25 сағат, көріну қашықтығының нашарлауы 50 м дейін жетті, жел 30-35 м/с дейін күшейді.

Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°С жоғары, тек еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының таулы және тау бөктерлі аудандарында – норма шамасында күтілуде.

Желтоқсан мен қаңтар айларында еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыс өңірлерінде – аз күтіледі, ақпан айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік-батыс жартысында норма шамасында болжанады.