• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қазан, 2020

СҚО-да 10 елді мекенде шектеу шаралары күшейтілді

126 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында тағы 10 елді мекенде карантин талаптары күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін 9 қазан күні Булаев және Мамлютка қалалары карантинге жабылған еді. 12 қазан күні олардың қатарына Ақжар ауданының Казанское, Ленинградское елді мекендері қосылды. 14 қазан күні Шал ақын ауданының Повозочное, ал 16 қазан күні Тайынша ауданының Киров және Чермошнянка елді мекендерінде коронавирустың таралуына байланысты карантин күшейтілді.

Сонымен қатар Есіл ауданының Явленка, Покровка және Чириковка ауылдарында 17 қазаннан бері тұрғындардың жүріп-тұруы шектелді.

"Аталған елді мекендердің кейбіріне санитарлық бекеттер қойылды. Мұндай бекеттерді қою-қоймауды жергілікті штаб пен полиция шешеді. Аудандардың бас санитариялық дәрігерлерінің қаулысы бойынша белгілі бір нысандар жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, СҚО-да бүгінге дейін 4309 адам коронавирус жұқтырды, 4024 науқас жазылып шықты, 25-і қайтыс болды.