• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Қазан, 2020

"Жанұя" отбасын қолдау орталығына 36 мыңнан астам адам жүгінді

478 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтандағы "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы 2019 жылдың тамызында ашылды. Мұнда елордадағы отбасыларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мекеме мемлекеттік қызметтерді біріктіреді және оларды "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынады. Мамандар әр отбасымен жеке жұмыс жүргізеді. Ашық алаңда елорда тұрғындарына денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті бастау бойынша жүйелі кеңестер мен көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ашылған күннен бастап орталыққа 64 636 сұрақ бойынша 36 169 адам хабарласқан. Оның ішінде 53 595 мәселеге жүйелі кеңестер берілді, 11 041 мәселені шешуге шаралар қабылданды.

"Өтініш білдіргендердің 60%-ы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау сұрақтары (35 175), 8% - тұрғын үй (5 051), 5% - кәсіпкерлік (2 652), 4% - заң көмегі (2044), 4% - жұмыспен қамту және басқалары", - деп атап өтті орталықта.

Мәселелердің басым көпшілігін шешу бойынша шаралар қабылданды. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар қабылданды, Бірыңғай жинақтау қорының қызметтері көрсетілді, тұрғын үй мәселелеріне, жұмысқа орналасуға, құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді.