• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2013

Даму белестері

380 рет
көрсетілді

*Қазақстан судьяларының VІ съезі қарсаңында

1996 жылдың желтоқсанында өткен судьялардың бірінші съезінде Судьялар одағының іргетасы қаланған болатын. Содан бері тарих үшін сот жүйесінде сан бедерлі қатпарлармен, айшықты да айқын бағыттарын белгілеген ұлан-ғайыр өзгерістер өмірге келді. Бұл жылдар тынымсыз ізденістер, сот жүйесін реформалаудағы батыл бетбұрыстар, жаңа талапқа сай әділ сотты қалыптастыру жылдары болды. Содан бері судьялардың бес съезі де өтті.

*Қазақстан судьяларының VІ съезі қарсаңында

1996 жылдың желтоқсанында өткен судьялардың бірінші съезінде Судьялар одағының іргетасы қаланған болатын. Содан бері тарих үшін сот жүйесінде сан бедерлі қатпарлармен, айшықты да айқын бағыттарын белгілеген ұлан-ғайыр өзгерістер өмірге келді. Бұл жылдар тынымсыз ізденістер, сот жүйесін реформалаудағы батыл бетбұрыстар, жаңа талапқа сай әділ сотты қалыптастыру жылдары болды. Содан бері судьялардың бес съезі де өтті.

Әр съездің өз алдына қой­ған биік мақсаттары болды­ және олар нәтижелі түрде іске­ асып отырды. Алғашқы съез­ден кейін судья этикасы қа­былданды. 2005 жылғы маусым айында өткізілген Қазақстан су­дьяларының IV cъезіне деле­гат ретінде қатыстым. Съезд де­легаттары алдында сөйлеген сөзінде Президент: «Тура биде ту­ған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағида бар. Мұның ма­ғынасы билік айтушы ешкімді алаламайтын адал, қара қылды қақ жарған әділ болуы керек де­генін, бұл ұлттық сот жүйесін тек әділдікке негізделіп, заңға ғана бағынатын заман талаптарына сай қалыптастыруымыз қажет.

Құқық жоқ жерде бостандық та, демократия да жоқ» деген болатын. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз жә­не тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот беделі – сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың біліктілігіне, судья­ның ұстанған ұстанымы мен жеке басының қасиетіне байланысты.

Одан кейін, 2009 жылдың қараша айында Астанада Тәуел­сіздік Сарайында Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы судьяларының V съезінде сот жүйесін одан әрі дамытудың жаңа басымдықтары белгіленіп, республикада сот реформасының жетістіктері мен барысы талқы­ланып, соттар алдында тұрған міндеттерді жүйелі шешу қажет­тігіне ерекше назар аударылды. Бұл съезд өзіне дейінгі өткен съездердің заңды жалғасы десек болады. Өйткені, олардың қай-қайсысында да еліміздегі дербес сот жүйесін одан әрі барынша дамытып, алдағы уақытта оны реформалауда оң табыстарға қол жеткізудің жолдары көрсетілгені анық. Республикадағы сот құры­лы­мының іс жүргізуін, оны оңтай­ландыру арқылы тиімділігін арттыру басты мәселеге айналды. Жұмысты оңтайлы ұйымдастыру арқылы соттардың халыққа жақын­дығын, ашықтығын, сот төрелігіне қол жеткізудің барлық мүмкіндігін реттеуге қабілетті, үш буынды сот жүйесі құрылды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүр­гізу және Азаматтық іс жүргізу кодек­стеріне сот жүйесін жетіл­діру мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгі­зілді. Аталған заң сот жүйесін жаңғыртуға бағытталды. Бұл сотқа жүгінушілердің ахуалын жақсартты. Атап айтқанда, аза­маттардың сот жүйесіне сенімін арттыру жөніндегі шаралар алынды. Сот өндірісін жетілдіру және істерді сотта қараудың мерзімін қысқарту жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Соттар мен судьялардың одан әрі мамандануын қамтамасыз ету, сот әкімшілігі жүйесін дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Құқықтану мен сот әкімшілігі міндеттерінің аражігін нақты айқындау қолға алынып, сот жүйесін жетілдіру процесі жаңартылған заңнамаға сәйкес жүргізілуде.

Ата заңымызда мемлекет адамның және оның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына өзінің ең қымбат қазынасы ретінде қарайтындығы айқындалған. Соттар қызметінің тиімділігі, олардың шығаратын шешімдерінің әділеттілігі мен жеделдігі және толық орындалуы – кез келген мемлекеттің демократиялық да­муы­ның негізгі көрсеткіші. Соттардың шешімдеріне қарап қоғамның мемлекетке деген көз­қарасы қалыптасады, заңның үстемдігі қамтамасыз етіледі және азаматтардың мүдделерін қорғау қабілеті бағаланады.

Қазақстан – тәуелсіздікке жеткен алғашқы күндерінен бастап, өзінің құқықтық жүйесін белсенді қалыптастырып келе жатыр. Қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, сот жүйесіндегі реформалар жал­ғасып, қоғамның сұранысына, экономикалық қатынастардың даму деңгейіне, азаматтардың құқықтық санасының қалыптасуына сәйкес өз жемісін береді деп сенеміз.

Өткен съезде судьялар арасында моральдық тазалықты, парасаттылық пен жоғары адам­­гершілікті, кәсіби біліктілікті жандандыру қажеттілігіне көңіл бөлінді. Демек, ашықтық пен жариялылық бізге қойылған басты талаптардың бірі. Мемлекетіміз озық әлемдік стандарттарға сай келетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін ашық және мөлдір сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған көптеген шараларды жүзеге асырып келеді. Сон­дықтан алдағы өтетін Қазақстан судьяларының алқалы жиынында еліміздің сот жүйесінің жұмысын одан әрі жандандырып, сот жүйесі мен судьялардың алдына жаңа міндеттер қойылып, жауапкершілікті жоғарылатуға ба­ғытталған ауқымды бағдар­ламалар белгіленеді деген ойдамыз.

Гүлжиһан САҒИТОВА,

Батыс Қазақстан облысындағы

Ақжайық аудандық №2

сотының төрайымы.

Соңғы жаңалықтар