• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қазан, 2020

Партиялық тізімге алғаш рет әйелдер мен жастар үшін квота енгізілді

619 рет
көрсетілді

Парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

- "Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сындағы сайлау тура­лы" конституциялық заңда және "Саяси партиялар туралы" заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжі­рибемізде алғаш рет партия­лық тізімге әйелдер мен жас­тар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парла­ментке және жергілікті өкілді орган­дарға әйелдер мен жастар­ды тартудың тиімді жолы ретін­де олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді, - делінген Президент үндеуінде.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуі жарияланды.