• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2013

Үміткерлер қатарында Алматы да бар

234 рет
көрсетілді

Жер шарының әр түкпірінен алынған бес қаламен бірге Алматы да 2022 жылғы қысқы Олимпиялық ойындарды өткізуге үміткерлер қатарына енгізілді.

Халықаралық олимпиялық комитет бұл таласта біздің оң­түстік астанаға Бейжің (Қ­ытай), Краков (Польша), Львов (Украи­на), Осло (Норвегия) және Сток­гольм (Швеция) қалаларын бәсе­келес етіп бекітіп берді. Бұ­лардың арасындағы ең соңғы ұсы­ныс 14 қараша күні келіп түсті.

Енді, осы үміткер қалалардың өкілдері Халықаралық олим­­пиялық комитеттің 4-6 желтоқсан күндері Швейцарияның Лозан­­на қаласында өтетін семинарына қатысады. Оған, сондай-ақ, 2014 жылы Сочиде өте­тін қысқы Олимпиялық ойындардың ба­қылаушылары да барады. Мұнда қалалар өкілдері өздерінің жай-жағдайларын баян­дап береді.

Үміткерлер тізімі 2014 жылғы 8-9 шілдеде біршама қысқарады. Олардың арасында бұдан әрі бақтарын сынауға кімдердің жіберілетінін және қанша қаланың қалатынын Олимпиялық комитет шешеді. Ал 2022 жылғы Олимпиаданың иесін анықтау Халықаралық олимпиялық ко­митеттің 2015 жылғы 31 шіл­­деде Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қала­сында болатын 127-сессия­сы кезінде дауыс беру жолымен жүргізіледі.

Айта кетейік, 2014 жылғы қыс­қы Олим­­пиялық ойындар Ресейдің Сочи қаласында өткелі тұрса, 2018 жылғы Ойындар Оңтүстік Кореяның Пхенчхан шаһарында жалау көтеретін болады.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар