• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2013

Ақын есімі ұмытылмайды

370 рет
көрсетілді

Өңірде қазаққа танымал балалар ақыны, аудармашы, «Баянауыл вальсі», «Қайдасыңдар, достарым?» секілді әндердің сөзін жазған жерлес ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың 85 жылдығы аталып өтті.

Өңірде қазаққа танымал балалар ақыны, аудармашы, «Баянауыл вальсі», «Қайдасыңдар, достарым?» секілді әндердің сөзін жазған жерлес ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың 85 жылдығы аталып өтті.

Ақын ағамыз облыстағы Ақтоғай ауданында туған. Облыс орталығындағы Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледжінде Қабдыкәрім Ыдырысовқа арналған ескерткіш тақта ашылды. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай: Ақын есімінің жаңғыруы-ұрпағының ақынға деген құрметі. Ағамыз Жазушылар одағының хатшысы, Мемлекетттік кітап палатасының, «Жалын» баспасының директоры сияқты қызметтерді атқарды, 30-дан астам кітабы жарық көрді,– деді өз сөзінде.

Ақынды еске алуға арналған шаралар мемлекеттік педагогикалық институтында жалғасты. Оқу орнында «Қабдыкәрім мұралары» атты ғылыми-практикалық конференция, «Туған жер – төрім мәңгілік» атты шығармалар жинағының тұсаукесері, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында «Айналдым, Ақ Ертісім, анам менің...» атты әдеби кеш өтті.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ПАВЛОДАР

Соңғы жаңалықтар