• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қазан, 2020

Қордай ауданының екі ауылына газ келді

260 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданына жұмыс сапарымен келген кезінде бірқатар нақты тапсырма берген болатын. Президенттің тұрғындардың тұрмысын жақсарту жөніндегі тапсырмасы бүгінде тиісті деңгейде орындалуда, - деп хабарлайды Egemen.kz

Ауданның Қарасу, Өтеген, Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты, Қызылсай және Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 ауылдарына жалпы жобалық-сметалық құны 5,6 миллиард теңге болатын 73,2 шақырым газ құбырын тарту қолға алынып отыр. Қазіргі кезде бірқатар ауылдарда құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталып келеді. Ал, Қарасу, Өтеген ауылдарына газ жеткізілді.

Аталған екі ауылда көгілдір отынды қосуға арналған салтанатты шара өтіп, Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет тұрғындарды құттықтады. Әкім өз сөзінде мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлықтың бұл тек бір парасы ғана екенін айтты. Бұдан кейін ауылға жеткен газдың алауы жағылып, салтанатты түрде іске қосылды. Жалпы, бұл екі ауылда 1251 тұрғын үй жыл соңына дейін газбен қамтылады. Құрылыс жұмысымен айналысып жатқан мердігер «Фирма СКМ Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылішілік желілерді тартуды аяқтаған. Енді тұрғындармен келісімшарт жасалып, оны үйге кіргізу ретімен жоспарға сай жалғасатын болады. Тұрғындардың газ қосуға төленетін ақысының да тиімді жолдары қарастырылған. Алдағы уақытта жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың үйіне газ құбырын тартуға көмек көрсетіледі.

 

Жамбыл облысы