Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Күн тәртібіне сәйкес, «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен палата қарауына бірінші оқылымда шығарылады. Ал қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты түзетулер екінші оқылымда қаралса, сонымен қатар, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша заңнамалық жаңа енгізілімдер де қаралатын болады.
Жалпы отырысқа: «2009 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге («Оңтүстік – Батыс» жол дәлізінің жобасы («Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) №1 Қосымша келісімді ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ Дәліз 2 Инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2-жоба) ратификациялау туралы»; «1997 жылғы 10 маусымдағы Жазасын әрі қарай өтеу үшін, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобаларының тобы енгізіледі.
Палата, сондай-ақ, Қырғызстан Республикасында мектеп салу туралы Қазақстан – Қырғызстан үкіметаралық келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы бойынша салалық комитеттің қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады.