• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қазан, 2020

26 қазаннан бастап қай елдерге әуе рейстері қысқарады?

418 рет
көрсетілді

26 қазаннан бастап қай елдерге әуе рейстері қысқарады? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Сондай-ақ әлемдегі эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия шекарадағы бақылауды қосымша күшейту туралы ұсынысты мақұлдады. 26 қазаннан бастап мына елдерге әуе рейстерінің саны қысқартылады: Украина, БАӘ, Германия, Беларусь, Түркия. Қазақстан Республикасына келетін азаматтардың міндетті түрде тапсырылғанына 72 сағаттан аспаған ПТР-тест анықтамасы болуы қажет. Егер анықтамасы болмаса, қазақстандықтар екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылады. Шетелдік азаматтар еліне қайтадан департацияланады", деді Ажар Ғиният.

Вице-министрдің мәліметінше, өңірлердегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, 12 өңірдің – Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының , СҚО, БҚО, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қостанай, ШҚО, Қарағанды, Жамбыл облыстарының әкімдіктері карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.

"ПТР-тест тапсырғандар қатарының көбеюіне байланысты COVID-19-ға шалдыққандар саны артуда. Қазіргі уақытта зертханалар тәулігіне 55 мыңға жуық тест жасай алады. Елімізде 13 355 инфекциялық төсек-орын бар. Оның 16 пайызында бүгінде науқастар жатыр – 2 мыңнан астам. Сондай-ақ 6 841 карантиндік төсек-орын дайындап қойдық. Оның 8 пайызында ғана пациенттер бар, 600-ге жуық адам. Қосымша 3 335 керует жаңа инфекциялық ауруханаларда іске қосылады", дейді Ажар Ғиният.