• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2013

Филиппинде 1,5 миллионға жуық адам далада тұруға мәжбүр

281 рет
көрсетілді

Филиппинде «Хайян» тайфуны салдарынан қауіпсіз аймаққа көшірілген 1,87 млн. адамның 80 пайызы босқындар лагерінің толып кетуіне байланысты далада тұруға мәжбүр. Бұл туралы Radiovesti.ru хабарлады.

Адамдар өздеріне қирандылардан уақытша баспана тұрғызуда. Кейбір деректерге қарағанда, көлік пен жанармайдың жетіспеушілігінен шетелден келген гуманитарлық көмек көптеген аудандарға жеткізілмей қалып жатыр.

БҰҰ өкілі Джон Гигидің мәлімдеуінше, елдегі 160 мыңнан астам үй толық қирап, тағы 130 мыңға жуығына елеулі зақым келген.

Лейта провинциясы мен оған іргелес жатқан аралдарда жаппай қираған аудандар бар. Ол аймақтарға құтқарушылар әлі жетіп үлгермеген. Соңғы деректерге сүйенсек, Филиппинде орын алған алапат тайфунның салдарынан 3631 адам қаза болып, тағы 1179-ы із-түзсіз жоғалған.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар