Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің қандай мақсатта құрылғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Реформаны мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта құру ісінен бастауды ұйғардық. Осы мақсатпен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылды. Агенттік өз жұмысын бастап та кетті. Бірақ мына нәрсені дұрыс түсіну керек. Бұл құрылым қара бастың қамы үшін жасалған жоқ. Жаңа агенттік алға қойылған міндеттерді шешуге арналған негізгі құрал. Реформаларды үйлестіретін маңызды құрылым", деді Президент.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтіп жатыр.