• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2013

Джон Керри Иранмен санасу қажет деп есептейді

293 рет
көрсетілді

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Иранға қарсы жаңа санкция қабылданатын болса, Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты тиімді уағдаластыққа қол жеткізу қиын болатынын жеткізді. Бұл туралы Trend порталы хабарлады.

АҚШ және өзге де мемлекеттер Иранмен ядролық бағдарлама төңірегінде келісімге келуге дайын көрінеді. Джон Керридің ойынша, Иранға қарсы санкция жеңілдетілсе, Тегеран ядорлық қаруды одан ары дамытпайды. Егер жаңа санкция жарияланатын болса, Тегеран бұған тиісті жауабын береді әрі келіссөздер тоқтайды.

Жолдыбай Базар.

Соңғы жаңалықтар