• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қазан, 2020

YouTube вакцина туралы жалған ақпаратты өшіреді

272 рет
көрсетілді

YouTube видеоплатформасының әкімшілігі коронавирусқа қарсы вакциналар туралы жалған контентті өшіру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

YouTube электронды хатында вакцина бедеулікті тудырады және адамдарды өлтіреді деген секілді жалған ақпараттарды таратуға тыйым салынатыны жазылған. Сондай-ақ, адамдарға вакцина атын жамылып, микрочиптер салынады деген хабарларға да цензура жасалады.

YouTube қызметкерлері вакциналар туралы жалған ақпарат жергілікті билік пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келісіміне қайшы келетінін еске салды. Осылайша, сервис пандемия туралы жалған теорияларымен күресті күшейтуді қалайды.

Бірақ вакцина туралы жалпы сұхбаттар мен видеодағы пікірлер платформадан өшірілмейді.