Нұр-Сұлтан қаласында Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында тараптар бітімгершілік қызмет, терроризм мен экстермизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.