Аталған өңірдің бас санитар дәрігері бірқатар шектеу шарасын енгізу туралы қаулыға қол қойды. Құжаттағы мәтінге сәйкес, Оралда 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттіліксіз көшеге шығу шектеледі, жексенбі күндері ауыл шаруашылығы азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынады, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.
Сондай-ақ Орал әкімі мен қала полиция басқармасына бірқатар базарды жабу тапсырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 16 қазанда БҚО-да шектеу шаралары күшейтілген еді. Аталған қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.