• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 22 Қазан, 2020

Текелінің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

828 рет
көрсетілді

Алматы облысы Текелі қаласының бұрынғы әкімі Бахтияр Өнербаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Белгілі болғандай, Бахтияр Өнербаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың кеңесшісі болып тағайындалған.

Нұр-Сұлтанда облыс әкімдігінің өкілдігі бар. Енді бұрынғы әкім сол өкілдікте кеңесші болып қызмет атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы 1,5 млн теңге парамен ұсталып, қылмысы дәлелденген еді. Осыған орай заң бойынша қоластындағы мемлекеттік қызметкер парамен ұсталса, оның басшысы қызметінен кетуі тиіс.