Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" атты республикалық форумы өтті.
Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.А. Әзілханов, филология мен лингвистика саласының сарапшылары, тіл жанашырлары, ҚХА мүшелері мен жастар ұйымдары қатысты.
Форумда мемлекеттік тілді еркін меңгерген Қазақстан этностарының өкілдері сөз сөйледі. Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік тілдің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін нығайтуды талқылап, мемлекеттік тілді меңгерудегі өздерінің үздік тәжірибелерімен, қазақ тілін меңгерген азаматтар үшін «әлеуметтік лифтілердің» перспективаларымен бөлісті.