• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2020

Шетелден келген 329 қазақстандықтың ПТР анықтамасы жоқ

112 рет
көрсетілді

23 қазанға қараған түні 11 халықаралық әуе рейсімен 1291 жолаушы келді, оның ішінде анықтамалары бар - 962, анықтамасыз - 329 азамат келген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-сұлтан қаласына - 5 рейс, 522 жолаушы, анықтамалары бар - 373, анықтамасыз-149;

Алматы қаласына  - 5 рейс, 728 жолаушы, анықтамалары бар - 548, анықтамасыз - 180;

Ақтау қаласына - 1 рейс, 41 жолаушы, анықтамалары бар - 41.

Қазақстанның шетелден анықтамасыз келген азаматтары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ПТР талдау тапсыру үшін  карантиндік стационарларға орналастырылды.

Жолаушылар Түркия, Египет, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден халықаралық әуе рейстерімен келді.