• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қазан, 2020

Атырауда 324 тұрғын айыппұл жазасына тартылды

266 рет
көрсетілді

Бұл туралы Атырау қалалық прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясының таралған кезінен бері  қала аумағында 5307 адам науқастанып, оның 99-ы бұл індеттен қайтыс болған. Шектеу шаралары кезеңінде 324 тұлға айыппұл жазасына тартылды. Тек өткен аптаның ішінде түрлі іс-шараларды өткізумен байланысты 32 құқық бұзушылық  анықталды. Оның ішінде мейрамханаларда 8 салтанатты шара, түңгі мезгілде жұмыс істеген 13 кафе-бар, бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тыйым салған 3 нысан (кинозал, компьютер клубтары) бар", деп хабарлады Атырау қалалық прокуратурасынан.

Осыған орай прокуратура коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін барлық азаматты шектеу шараларын сақтауға шақырып отыр.

"Шектеулерді бұзған жағдайда қызметін тоқтатуға дейін әкімшілік жауаптылық көзделгенін ескертеді", делінген прокуратура таратқан ақпаратта.