• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қазан, 2020

UFC 254: Хабиб пен Гэтжи салмақ өлшеді

336 рет
көрсетілді

UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсететін ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Салмақ өлшеу кезінде екі спортшының да салмағы бірдей межені көрсетті. Нақтылап айтар болсақ, Хабиб пен Гэтжидің салмағы 70,3 кило (155 фунт) болды. Жарыс ережесіне сәйкес спортшылар 155 фунттан аспауы керек болатын.

Айта кетейік, UFC 254 турнирі ертең БАӘ-дегі Жауынгерлер аралында өтеді. Аралас жекпе-жек кешінде отандасымыз Шавкат Рахмонов та бақ сынайды. Ол «Ковбой» лақап атымен танымал бразилиялық файтер Алекс Оливейрамен (22-8-1-2) жұдырықтасады.