• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2020

3,5 мыңға жуық белсенді азамат қоғамдық кеңес жұмысына қатысуда

180 рет
көрсетілді

Бүкіл ел бойынша орталық және жергілікті билік органдарының жанынан 234 қоғамдық кеңес құрылған. Олардың құрамына қоғамның түрлі топтарының мүдделерін қорғайтын 3,5 мыңға жуық белсенді азаматтар тартылған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Негізінен бұл ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның, Үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері және басқа да белсенді азаматтар бар. Жалпы осы жылдар ішінде, атап айтқанда қоғамдық кеңестер 19 мыңнан астам нормативтік құқықтық акті жобаларын қарады. Бүгінгі күні барлық актілердің жобаларын қоғамдық кеңестермен кеңестермен келісу міндеттелген", - деді Аида Балаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.