• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2020

Қазақстанда судьялардың жалақысы қанша?

373 рет
көрсетілді

Қазақстандағы судьялардың орташа жалақысы 400-800 мың теңге аралығында. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Аудандық деңгейдегі судьяның жалақысы орташа есеппен 400-500 мың теңге аралығында, ал облыстық деңгейдегі судьяның жалақысы 600-700 мың теңге төңірегінде. Жоғарғы соттағы судьяның жалақысы 800-900 мың теңге аралығында. Мұнда ескеретін жайт бар, әрбір судьяның еңбек өтіліне байланысты жалақысында айырмашылық болуы мүмкін", - деді А. Сәдуақасов.