• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қазан, 2020

Мақтаарал ауданында 200 шақырымға жуық жол жөндеуден өтіп жатыр

192 рет
көрсетілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, биыл аймақтың оңтүстік өңірінде орналасқан аудандарындағы жолдардың сапасын арттыруға басымдық беріліп отыр. Мәселен, биыл Мақтаарал ауданында 196,9 шақырым жуық жол мен елді мекен көшелеріне асфальт салу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар - 61 шақырымдық 3 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 22 шақырымы аудан аумағында орын алған төтенше жағдайды қалпына келтіру мақсатында іске асырылуда. Ал облыстық маңызы бар - 61,2 шақырымдық 7 жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 5,9 шақырымы төтенше жағдайды қалпына келтіру мақсатында іске асырылып жатыр. Аудандық маңызы бар - 74,7 шақырымдық 56 көше күрделі және орташа жөндеуден өтуде. Оның 26 шақырымы су тасқынынан орын алған төтенше жағдайды қалпына келтіру мақсатында іске асырылып келеді. Сонымен қатар, аудандағы 94 топырақ көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары есебінен тас төселді.

Жыл соңына дейін көшелер толық пайдалануға берілетін болады. Аталған жұмыстардың қорытындысымен Мақтаарал ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 90 пайызға жететін болады.