• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2020

"7-20-25": Қазақстандықтардың 19,2 мың өтінімі мақұлданды

232 рет
көрсетілді

Елімізде "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие алуға 42 846 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz

ҚР Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша несие алуға 499,1 млрд теңге сомасына 42 846 өтінім қабылданды.

Нәтижесінде 224,5 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 242 өтінім мақұлданды. Еске салайық, "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына – 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна – 20% бастап. Несие мерзімі – 25 жыл.