• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Қазан, 2020

Шетелден ұшып келген 108 жолаушы карантинге жатқызылды

156 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген ПТР тесті жоқ 108 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін түнде елорданың әуежайына шетелден 6 ұшақ келіп қонды.

Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines,Belavia және Flydubai әуе компаниялары орындаған. Барлығы 722 жолаушы ұшып келген. Соның ішінде 108-інің ПТР-тест анықтамасы болмаған. Олардың барлығы стационарлық карантинге жатқызылды.

ПТР-тесттен өткеннен кейін бұл жолаушылардан коронавирус анықталмаса үйлеріне жіберіледі. Егер вирус анықталса, инфекциялық стационарға жатқызылады.