• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2020

Екібастұздық өрт сөндірушілер шағын трактор құрастырып шығарды

225 рет
көрсетілді

Екібастұздық өрт сөндірушілер еліміздің Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай МТ-13 4x4 "ТҰЛПАР" шағын тракторын құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жобаның авторы - Екібастұз қаласынадғы №6 өрт сөндіру бөлімнің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Раскельдинов.

 

Жобаны жүзеге асырып, мини-тракторды құрастырғандар №6 ӨСБ өрт сөндірушісі Мұхтар Әділет және осы бөлімнің жүргізуші-қызметкері Тілек Мейрамғалиев.

"Барлық бөлшектерді металл базасынан жинақтап, кейбірін қолдан дәнекерлеп жасадық. Трактордың отырғышына ескі орындықты пайдаландық",  дейді құрастырушылар.Шағын тракторды өрт сөндіру бөлімінің аумағын тазалау және қар шығару жұмыстарына пайданау көзделіп отыр.