• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2020

Жеке инвестициялар есебінен нысандар құрылысы талқыланды

136 рет
көрсетілді

"Kayaturk Group" компаниясының инвесторларымен бірлесіп, тоқыма фабрикасы мен азық-түлік супермаркеті құрылысы мәселесі талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Ішкі нарықта фабрикалар мен зауыттарға, көтерме сауда және қоймадан тарату орындарына сұраныс бар. Сондықтан қаламыз бен қала тұрғындарына маңызды мұндай нысандарды көптеп ашып жатырмыз. Олардан шығатын өнімді мысалы, жаңа нысандардың құрылысына; ТКШ модернизациясына; инженерлік тораптарды алмастыруға пайдалануға болар еді. Сонымен бірге, тармақталған желілерді салу қажеттігін пандемия да көрсетіп отыр.

"Kayaturk Group" компаниясының инвесторларымен бірлесіп, тоқыма фабрикасы мен азық-түлік супермаркеті құрылысы мәселесін талқыладық. Холдингтің құрылтайшысы Абдул Насыр Четин - тұрақты жұмыс орындары ашылып,өндіріс жолға қойылатынын атап өтті.

Инвесторлармен жекелеген кездесумен бірге, инвестициялық кеңестер де өткізіп жүрміз. Өңірлік инвестициялық кеңесте қолдау тапқан жұмыстардың ішінде әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа да жобалар бар. Құрылыс жекменшік қаржыға жүргізіледі. Әр инвестормен жеке жұмыс істеп, пайда болған әкімшілік тосқауылдарды жойып жатырмыз", - деп жазды Алтай Көлгінов.