• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Білім 26 Қазан, 2020

Қазақстанда ағылшын тілін оқытатын әлеуметтік жоба іске қосылды

434 рет
көрсетілді

Енді ағылшын тілін тегін үйренуге сіздің де мүмкіндігіңіз бар! М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті көпшілікке арналған "KAZGUU.TEA.TALK" деп аталатын алғашқы ашық клубын жария етті. Әлеуметтік жоба қатысушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіруге, практикалық ағылшын тілі деңгейін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Жобаның оқу әдістемесі коммуникативтік тәсілге негізделген. Қатысушылар лексика мен грамматиканы түпмәтініне қарай пайдаланып,  сөйлеу алдындағы психологиялық кедергілерден құтыла алады.

Жоба бағдарламасында Cambridge University Press, Macmillan Academy, National Geographic Publishing, Pearson Education Ltd, Oxford English сынды сапалы әрі әйгілі оқу бағдарламаларына негізделген әдістемелер қолданылады.

Ағылшын тілінде еркін сөйлеу үшін оқытушылар құрамының тәжірибесі де өте маңызды дейді ұйымдастырушылар. Сабақтар легін әлемнің ең танымал университеттерін тәмамдаған  (Cambridge University, Newcastle University, Leicester University)  халықаралық сертификаттардың (TKT, CELTA, DELTA, TESOL, IELTS және т.б.) иегерлері жүргізеді.  

КАЗГЮУ Жоғары Гуманитарлық Мектебінің директоры  Анар Ибраева, бұл жобаны қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінгендіктен бастап отырмыз дейді.

"Көптеген адамдар ағылшын тілін үйрену барысында  өз ойын жеткізуден  қорқады, біздің оқытушылар сөйлеу дағдыларын жақсартуға, ұялмай қорқынышын жеңуге көмектеседі. Қазіргі таңда ағылшын тілін білу мүкіндігіңді арттырып, мансабыңды табысты құруға, әлемнің ең озық оқу орындарында  оқуыңды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ағылшын тілі заманауы ақпараттық ресурстардың бәріне жол ашады, себебі дүниежүзілік маңызы бар кітаптар мен ғылыми мақалалардың көбісі ағылшын тілінде жарық көреді", деп атап өтті Анар Ибраева.

"KAZGUU.TEA.TALK" онлайн-кездесуіне тіркеу bio: bit.ly/zoomteatalk  сілтемесі арқылы жүзеге асады. Жобаның барлық сабағына қатысқан тыңдаушыларға сертификат табысталады.