• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 27 Қазан, 2020

Ауызсу жүйелерін реконструкциялауға қанша қаражат бөлінді?

223 рет
көрсетілді

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздерінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға 934 млрд теңге көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында ИИДМ басшылығы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауылдардың сумен жабдықталуына мониторинг жүргізу мақсатында интерактивті карта әзірлеп, іске қостық. Онда көптеген параметрі бойынша нақты жағдай көрсетілген.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыретті бөлу бойынша заң жобасы әзірленді.

Тізбені бекіту функциясын, сондай-ақ ауызсуға төлем мөлшерін әзірлеу нормаларын бекітуді жергілікті атқарушы органдарға беру жоспарланған.

Заң жобасында көрсетілген шараларды іске асыру мынадай мүмкіндіктер береді:

- салынған оқшау жүйелерді Тізбеге енгізуді жеделдетеді; - өңірлерге ауызсумен жабдықтауға арналған субсидияны бөлу мен алуды тездетеді; - облыс бойынша орташа тариф пен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, 1 текше метр ауызсу үшін халықтың төлемін реттейді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес  еліміздің 53 қаласында кәріздік-тазарту қондырғыларын салу және жаңғырту жобаларын іске асыруға дайындық жүргізіп жатырмыз.

5 қалада кәріздік-тазарту қондырғыларын салу мен реконструкциялау бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Сараптама оң қорытындысын берді. Бұл жобаларды шамамен 40 млрд теңге мөлшерінде Азия Даму Банкі қарызы есебінен іске асыру жоспарланған.

6 қала бойынша техникалық-экономикалық негіздеме  әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Құны шамамен 90 млрд теңге болатын ол жобаларды Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен іске асыру жоспарланған.

Әлемдегі пандемияға байланысты жобаларды іске асыру 2021 жылдың бірінші жарты жылдығына ауыстырылды.