• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қазан, 2020

"Жайсаң" мен "Әлімбет" бекетінен өткен жолаушылар арасында коронавирус шықты

317 рет
көрсетілді

Өткен аптада  "Жайсаң" және "Әлімбет" беке­ттері арқылы Ресей Федерациясынан көлікпен өткендер арасында коронавирус індеті тіркелген. Тек қазан айының ішінде ғана Мәртөк ауданындағы Жайсаң өткізу бекетінен  өткен 3700 жолаушы тіркелсе, солардың арасынан  дене қызуы жоғары болған 1190 адам карантиндік ст­ационарларға жатқызылды.  

Осы азаматтардың арасынан  7 жолаушыдан коронавирус індеті анықталған. Айта кету керек,  тек қазан айының ішінде "Жайсаң" бекеті арқылы Ресей Федерациясынан әрлі-берлі 9 мың  адам өткен.

Шетелдерден әуе қатынасы арқылы келге­ндерден әзірге ауру анықтал­ған жоқ.  Дегенмен,  дәрігерлер коронавирус  індетінің Ресейден келіп-кетіп жатқандардан шыға бастағанына алаңдаушылық білдіреді.  Індет жұқтырғандардың көбеюін болдырмау мақсатында  қазір өңірде 152 мобиль­ді топ жасақталып, емханалар мен ауруханалар 6 жылжымалы кешенне ие болды.

Ақтөбе қаласы мен аудандық ауруханаларға  жаңа рентг­ен қондырғылары   орнатылып,  117  өкпені жасанды желде­ту жабдықтары  алынды. Енді тағы да осындай 30 аппарат әкелінбекші.

Қазіргі уақытта облыста 32 мобильді  топ  күндіз-түні рейдке шығып жүр.  Олар осы күнге дейін  1210 заңбұзушылықты анықта­п, хаттама толтырды. Мұның ішінде  карантин ережелерін бұзған 807 адам әкімшіл­ік жазаға тартылып, оларға 101,2 млн теңге айып­пұл салынды.