• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қараша, 2013

Чех парламентшілері – Сенатта

204 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасы Сенаты Төрағасының орынбасары, палатаның бұрынғы төрағасы Пршемысл Соботка бастаған чехиялық парламентшілер делегациясымен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасы Сенаты Төрағасының орынбасары, палатаның бұрынғы төрағасы Пршемысл Соботка бастаған чехиялық парламентшілер делегациясымен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Чех делегациясы парламент­аралық байланыстарды іл­герілету, заң шығару қыз­ме­ті бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кө­лік салаларында екіжақты ын­тымақтастықты кеңейту мақ­сатында Қазақстанға сапармен келген болатын.

Кездесу барысын­да Қа­зақ­стан мен Чехияның өзара тиімді іс-қимылының ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасылды. Қ.Тоқаев екіжақты түрде де, Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестік аясында да Чехиямен ын­тымақтастықты дамыту Қа­зақ­стан үшін маңызды екенін атап өтті.

Оның пікірінше, екі елдің заң шығару органдары, әсі­ре­се, Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың 2012 жыл­ғы қазан айында Прагаға бар­ған ресми сапары барысында қол жеткен келісімдер мен уағ­даластықтар тұрғысында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге белсенді түрде атсалысып келеді. Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы өзара іс-қимылға ерекше маңыз беріп, 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде сайлануға Қазақстанның кандидатурасын қолдауға өтініш білдірді.

П.Соботка Қазақстан Чех Республикасының басымдыққа ие әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Парламентші Астанадағы Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне Чехияның белсенді түрде қатысуға ниеттеніп отырғанын жеткізді.

Сенаттың Экономикалық даму және кәсіпкерлік, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту, сондай-ақ, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитеттер мүшелері мен чех депутаттарының кездесулерінде парламентаралық байланыстардың келешегі туралы жан-жақты әңгіме болды.

Сапар барысында Чехия Сенатының делегациясы Индус­трия және жаңа технология­лар, Ауыл шаруашылығы, Кө­лік және коммуникация министр­ліктерінің, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының басшылығымен кездеседі. Сон­дай-ақ, делегация Чехияның Пльзен аймағымен белсенді ын­тымақтастық орнатқан Шығыс Қазақстан облысына барады.

Соңғы жаңалықтар