• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Бизнес 28 Қазан, 2020

АХҚО мен "Сентрас" компаниялар тобы байқау жариялайды

142 рет
көрсетілді

"Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржы технологиялары хабы "Сентрас" компаниялар тобымен бірлесіп клиенттерге "Қазір және осы жерде" принципімен көмек көрсету бойынша үздік технологиялық шешімге байқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Сентрас" компаниялар тобы Қазақстан нарығында 15 жылдан астам уақыттан бері қаржылық-инвестициялық қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынып келеді. Атап айтқанда, "Сентрас Иншуранс" Сақтандыру Компаниясы" АҚ мен "Коммеск-Өмір" Сақтандыру Компаниясы" АҚ сақтандыру компанияларының акционері ретінде "Сентрас" компаниялар тобы сақтандыру нарығының көшбасшысы саналады.

Жыл сайын "Сентрас" оқыс жағдайларға тап болып, жедел және сапалы шешімге мұқтаж болатын 1 миллионнан астам клиентпен жұмыс істеп, қызмет көрсетеді. Клиенттерге тез және сапалы көмек көрсету үшін "Сентрас" 911 жобасын дайындады. Жобаның негізгі принципі клиенттерге мәселені тез және сапалы шешетін кәсіби мамандарды жедел ұсыну. 

911 жобасына цифрлық шешімдер немесе сервис құру және клиенттерді тарту құралдарын ұсынуға дайын командалардың Қазақстандағы ең ірі сақтандыру компанияларыныың бірімен әріптестік орнатып, ұсынылған модельдердің қолдануға болатыны мақұлданған жағдайда қаржыландыру қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар бонус ретінде жеңімпаз "Сентрас" компанияларының эксперттік білімі мен тәжірибесіне қол жеткізіп, АХҚО Қаржы технологиясы Менторлық хабы тарапынан да эксперттік қолдауға ие болады.

Байқауға қатысу шарттарына қатысты барлық мәлімет мына сілтемеде: https://corpfintech.aifc.kz/insurtech

Өтінімдер 2020 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.