• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қазан, 2020

ПТР анықтамасы жоқ адам 7 тәулікке стационарға жатқызылады

128 рет
көрсетілді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізілді, - деп хабарлайды  Egemen.kz

"Қазақстанға келген азаматтар, ел аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады", деді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов.