• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қазан, 2020

Сотталғандарды тінту барысында тиым салынған заттар алынды

655 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/6 мекемесінде жазасын өтеушілерге жоспарлы тінту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратура және құқыққорғау өкілдерінің қатысуымен жүргізілген шара нәтижесінде 81 ұялы телефон, 76 сим-карта және 38 тескіш-кескіш құралдар алынды.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы және құқыққорғау орындары өкілдерінің айтуынша, тінту шарасы заңдылыққа сай қатаң талап-тәртіп аясында сотталғандардың құқы сақталып өткізілген.

​"ҚАЖ және Ұлттық гвардия қызметкерлері жыл басынан бергі 10 ай ішінде ұйымдастырған тінту шаралары кезінде 500 ұялы телефон, сим-карта және өзге де қажетті бұйымдарды тапты. Біз іздеу және табу жұмыстары үшін тиімді техникалық құралдарды қолдандық, сондай-ақ мекемеге тиым салынғна заттарды әкелудің болдырмау мақсатындағы жұмыстар жүргізілуде", дейді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет подполковнигі, Заң ғылымдарының магистрі Қанат Жарылғапов.

 

Маңғыстау облысы