• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2020

Шығыс Қазақстанда індеттің не себептен өршігені белгілі болды

2536 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Шығыс Қазақстанда індеттің өршуіне өңірдегі көші-қонның жоғары болуы ықпал етіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қазіргі проблеманың бірқатар объективті себебі бар. Соның бірі - халықтың көші-қон қабілетінің жоғары болуы. Көршілес мемлекеттердің шекаралас аудандарында өте қолайсыз жағдай қалыптасып, науқастану деңгейі жоғары болып тұр. Соның салдарынан халықтың көшіп-қонуы кезінде сырттан келетін жағдай жиі болуда", деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірдегі мәселелерді зерделеу үшін комиссия жібергенін, бірқатар проблема анықталғанын тілге тиек етті. Әсіресе жекеменшік зертханалар жұмысында кемшілік бар екенін алға тартты.

"Хабарлау 3-5 тәулікке дейін кешігіп жетізілген. Соның салдарынан санитарлық-эпидемиялық қызмет іс-шараларды кешеуілдетіп жүргізген. Карантин шараларын асыра пайдалану фактілері де анықталып жатыр. Қоғамдық көліктегі жолаушылардың 50 пайызына дейін маскасыз жүріп, арақашықтықты сақтамаған", деді Ерлан Қиясов.