• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қазан, 2020

Шымкентте әкімшілік-іскерлік орталықтағы 5 көпқабатты үйдің құрылысы жыл соңында аяқталады

765 рет
көрсетілді

Шымкент – құрылысы қайнаған алып шаһар. Қалада көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің құрылысты уақтылы әрі сапалы орындау жөніндегі тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 8 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде. № 44, 45, 46, 47, 48 үйлерді желтоқсан айында аяқтау жоспарланса, № 41, 42, 43 үйлер 2021 жылға өтпелі. Құрылысқа жауапты мердігер мекемелер – "Атамекен Корпорациясы" ЖШС, "Корпорация Ақ-ордасы" ЖШС және "Югстройсервис-Н" ЖШС.

Сондай-ақ, Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан 4 тұрғын үйдің құрылысы да жоспарға сай жүргізілуде. № 2, 3 үйлердің құрылысын "Югстройсервис – Н" ЖШС-і жүргізуде. Ал, № 1, 4 үйге – "Орион – LTD" ЖШС жауапты. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, тұрғын үйлер 2021 жылы пайдалануға тапсырылады.